instagram  facebook

Хабарландыру

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов 2025 жылғы 17 қазанда бекіткен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4-тармағын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 26.03 № 21-ОД бұйрығымен 2026 жылға арналған тарифтер бекітілгенін хабарлайды:
1. Жылу энергиясын беру, тарату және өткізу қызметтеріне арналған тариф:
01.01.2026 жылдан 30.04.2026 жылға дейін – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4 830,18 теңге;
01.05.2026 жылдан 31.12.2026 жылға дейін – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 7 616,08 теңге.
2. Жылу энергиясын өткізу қызметтеріне арналған сараланған тарифтер:
01.01.2026 жылдан 30.04.2026 жылға дейін:
Орташа босату тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 9 460,48 теңге мөлшерінде, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:
халық санатына жататын жеке тұлғалар үшін – бірінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4 944,20 теңге;
бірінші және үшінші топтарға жатпайтын өзге тұтынушылар үшін – екінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 16 141,64 теңге;
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар үшін – үшінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 38 011,14 теңге.
01.05.2026 жылдан 31.12.2026 жылға дейін:
Орташа босату тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 12 662,33 теңге мөлшерінде, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:
халық санатына жататын жеке тұлғалар үшін – бірінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4 944,20 теңге;
бірінші және үшінші топтарға жатпайтын өзге тұтынушылар үшін – екінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 19 369,97 теңге;
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар үшін – үшінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 66 433,38 теңге.