Хабарландыру
Құрметті тұтынушылар!
2026 жылғы 15–22 мамыр аралығында серверлік жабдықтарды жаңа деректерді өңдеу орталығына көшіруге байланысты «Коммуналдық қызметтердің бірыңғай есеп айырысу орталығы» ЖШС биллинг жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.
Аталған кезеңде уақытша қолжетімсіз болады:
• тұтынушылардың есептеу және тұтыну деректерін өңдеу;
• тұрмыстық тұтынушылардың төлемдерін барлық төлем арналары арқылы қабылдау және өңдеу (кассалар, терминалдар, мобильді қосымшалар және т.б.);
• «ЕРЦку» ЖШС-мен кез келген деректер алмасу (телефония, факс, электрондық пошта және т.б.);
• келесі мекенжайлар бойынша байланыс және интернет қызметтері:
— Қарағанды қаласы, Республики көшесі, 42;
— Мамраев көшесі, 1;
— Бухар-Жырау даңғылы, 53А;
— 22-шағынаудан, 17-үй.
Тұрғындар мен тұтынушылардан пайдаланылған жылу энергиясы үшін төлемдерді 2026 жылғы 15 мамырға дейін алдын ала төлеулеріңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, төлем қабылдау уақытша тоқтатылған кезеңде өсімпұл есептелмейтінін хабарлаймыз.