Хабарландыру
«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 8-бабының 12) тармақшасына, 22-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 601-1-тармағына сәйкес, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде бекітілген инвестициялық бағдарламаның өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 83-ОД бұйрығымен жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу жөніндегі қызметтерге 2026-2030 жылдарға арналған тарифтер бекітілгенін және олардың 2026 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетінін хабарлайды:
- 2026 жылға – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 6 330,06 теңге;
- 2027 жылға – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 6 919,89 теңге;
- 2028 жылға – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 7 041,32 теңге;
- 2029 жылға – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 7 135,15 теңге;
- 2030 жылға – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 7 309,90 теңге.
Оның ішінде:
1. Жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу жөніндегі қызметтерге арналған тарифтер:
2026 жылғы 01 мамырдан 15 тамызға дейін – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 7 616,08 теңге;
2026 жылғы 15 тамыздан 31 желтоқсанға дейін – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 8 530,25 теңге.
2. Жылу энергиясын өткізу жөніндегі қызметтерге сараланған тарифтер:
2026 жылғы 01 мамырдан 15 тамызға дейін:
ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 12 662,33 теңге мөлшеріндегі орташа босату тарифі, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:
халық санатына жататын жеке тұлғалар үшін – бірінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4 944,20 теңге;
бірінші және үшінші топтарға жатпайтын өзге тұтынушылар үшін – екінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 19 369,97 теңге;
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар үшін – үшінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 66 433,38 теңге.
2026 жылғы 15 тамыздан 31 желтоқсанға дейін:
ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 13 576,50 теңге мөлшеріндегі орташа босату тарифі, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:
халық санатына жататын жеке тұлғалар үшін – бірінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4 944,20 теңге;
бірінші және үшінші топтарға жатпайтын өзге тұтынушылар үшін – екінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 22 275,47 теңге;
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар үшін – үшінші топ – ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 72 408,61 теңге.