Хабарландыру
«Теплотранзит Караганда» ЖШС тұтынушыларын төмендегі мәліметпен таныстырады: 2025 жылғы 1 наурыздан бастап «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметтеріне арналған сараланған тарифтерді енгізетінін хабарлаймыз. Бұл тарифтер бірінші топтағы тұтынушылардың ішкі бөлімі – «халық санатына жататын жеке тұлғалар» үшін белгіленеді және жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін орнату шеңберінде, жылытылатын алаңның көлемін ескере отырып бекітіледі. Аталған тарифтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 14-ОД бұйрығымен бекітілген:
- 1-бөлім – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылыту алаңы 100 м² дейін – ҚҚС-сыз 5 493,56 теңге Гкал үшін;
- 2-бөлім – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылыту алаңы 100 м²-ден 200 м²-ге дейін – ҚҚС-сыз 6 042,91 теңге Гкал үшін;
- 3-бөлім – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылыту алаңы 200 м²-ден артық – ҚҚС-сыз 9 460,48 теңге Гкал үшін.