instagram  facebook

Хабарландыру

«Теплотранзит Караганда» ЖШС тұтынушыларға хабарлайды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі отырысында берілген Премьер-министрдің инфляция деңгейін тежеу туралы тапсырмасын, сондай-ақ 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 12-18/Б-1443 хатымен берілген ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің инфляцияға әсерді төмендету және тарифтердің өсуіне жол бермеу мақсатында оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 91-ОД бұйрығымен «Теплотранзит Караганда» ЖШС-нің 2025 жылға арналған жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтері бекітілді. Аталған тарифтер 2025 жылғы 1 қазаннаtyн бастап күшіне енеді:
Жылу энергиясымен жабдықтау қызметінің тарифі – 1 Гкал үшін 9 460,48 теңге (ҚҚС-сыз), соның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:
бірінші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар үшін – 1 Гкал үшін 4 944,20 теңге (ҚҚС-сыз);
екінші топ – бірінші және үшінші топтарға жатпайтын өзге тұтынушылар үшін – 1 Гкал үшін 16 141,64 теңге (ҚҚС-сыз);
үшінші топ - бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдар үшін – 1 Гкал үшін 38 011,14 теңге (ҚҚС-сыз).