Жалпы үйлік жылу құралдары
Ыстық суды есептегіш құралдарына қойылатын талаптар.
Ыстық су есептегіш құралдарын және деректерді қашықтан беру құрылғыларын таңдау, монтаждау және пайдалану “Су жабдықтау және су бұру жүйелерінде су есептегіш асқұралдарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына” (08.08.25 ж. № 295) сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Келесі талаптар қойылады:
-
Жобалауды, бөлшектеуді, монтаждауды (бастапқы және кейінгі орнату) қоса алғанда, есепке алу торабын, АӨЖ және ЭТЕААЖ жүйелерін жабдықтау жөніндегі жұмыстарды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаты бар ұйымдар орындайды.(4-тармақ)
-
Суды есепке алу торабы типін бекіту не метрологиялық аттестаттау, нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген суды есепке алу аспаптарымен жабдықталады, сондай-ақ Заңның 19-бабының 6-тармағына сәйкес сенім білдірілген адамдардың өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа таңбасымен және салыстырып тексеру туралы сертификаты болуға тиіс.(6-тармақ)
-
Салыстырып тексеру таңбасы жоқ, тексеру мерзімі өткен бүтіндігі бұзылған суды есепке алу аспаптарын, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелмеген суды есепке алу аспаптарын орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. (21-тармақ)
-
Бастапқы немесе істен шыққандардың орнына, ғимараттарға кіре берісте, кіріктірілген-жапсарлас салынған үй-жайларда орнатылатын суды есепке алу аспаптары, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттарын салу кезінде жеке есепке алу аспаптары жеткізушінің АӨЖ үйлесімді ДЖБҚ жарақтандырылуға жатады. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі болған кезде ДЖБҚ-мен ыстық суды есепке алу аспаптарын орнату олардың осындай аспаптарды пайдалануға жіберуді жүзеге асыратын ұйымның АӨЖ-мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі тиіс. (30-тармақ)
-
Жобаланатын, салынып жатқан, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, техникалық қайта жарақтандырылатын, реконструкцияланатын және күрделі жөндеуден өтетін ғимараттарда жеткізушінің АӨЖ-мен үйлесімді суды есепке алу аспаптары мен ДЖБҚ сатып алу және орнату шығындары құрылыс салушыға жүктеледі. (33-тармақ)
-
Қолданыстағы тұрғын ғимараттарда (үйлерде) ыстық суды есепке алудың жеке (пәтерлік) аспаптарын бастапқы орнату, ауыстыру немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 107-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін және жеткізушінің АӨЖ-мен үйлесімділікті қамтамасыз ететін есепке алу аспаптары орнатылуға жатады. (34-тармақ)
