instagram  facebook

Хабарландыру

"Теплотранзит Караганда" ЖШС тұтынушылардың назарына жеткізеді: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің "Караганда Энергоцентр" ЖШС бекітілген тарифі мен тарифтік сметесіне өзгерістер енгізу туралы (2025 жылғы 17 ақпандағы №23-ОД бұйрығы) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің "Теплотранзит Караганда" ЖШС жылу энергиясын беру және тарату тарифін төмендетуді келісу туралы 2025 жылғы 25 ақпандағы №35-03-07/420 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 27 ақпандағы №28-ОД бұйрығымен "Теплотранзит Караганда" ЖШС жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне арналған сараланған тарифтері өзгеріссіз бекітіліп, 2025 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифі ҚҚС-сыз 9 460,48 теңге Гкал үшін, соның ішінде тұтынушылардың топтары бойынша:
халық санатына жататын жеке тұлғалар үшін – бірінші топ – 5 493,56 теңге Гкал үшін ҚҚС-сыз, оның ішінде бірінші топтағы келесі бөлімдер үшін:
- 1-бөлім – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылыту алаңы 100 м² дейін – ҚҚС-сыз 5 493,56 теңге Гкал үшін;
- 2-бөлім – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылыту алаңы 100 м²-ден 200 м²-ге дейін – ҚҚС-сыз 6 042,91 теңге Гкал үшін;
- 3-бөлім – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылыту алаңы 200 м²-ден артық – ҚҚС-сыз 9 460,48 теңге Гкал үшін.
басқа тұтынушылар, бірінші және үшінші топтарға жатпайтындар – екінші бөлім– ҚҚС-сыз 16 141,64 теңге Гкал үшін;
бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатындар – үшінші бөлім – ҚҚС-сыз 33 643,89 теңге Гкал үшін.